Q Football

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа «Реалдың» жейдесін сыйлады

Флорентино Перес Қайрат Боранбаевқа «Реалдың» жейдесін сыйлады
https://www.instagram.com/kairat4

Мадридтік клубтың президенті Испанияда «Қайраттың» иесімен кездесіп, оған «KAIRAT 1» деген жазуы бар естелік жейде табыстады.

Боранбаев УЕФА комитетінің жұмысына байланысты Мадридке барған. Қазақстандық функционердің айтуынша, бір жыл бұрын Перес командасымен бірге Алматыға келе алмағандықтан, бұл жолы оны өзі қонаққа шақырған.

«Біз президентпен футбол туралы сөйлестік, ол маған KAIRAT 1 деген жазуы бар жейде сыйлады. Мұндағы «бірінші нөмір» кім екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма? Меніңше, екінші нұсқа дұрыс. Бірақ жейдені өзіме қалдырамын», — деді Боранбаев.

Алматылық клубтың иесі команданың соңғы бір жылдағы жетістіктеріне де тоқталып, мұны академияның дамуы мен қалыптасқан дайындық жүйесінің нәтижесі деп бағалады.

«Бір жылдың ішінде «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынынан бастап, әлемдегі ең ұлы клубтардың бірі президентінің жылы лебізіне дейінгі жолды жүріп өтті. Бұл — біз құрып жатқан академия мен жүйенің нәтижесі. Біз әлі жолдың басындамыз», — деп қосты Боранбаев.