Q Football

Герартс «Ордабасыға» тағайындалар алдында бельгиялық клубтың ұсынысынан бас тартты

Герартс «Ордабасыға» тағайындалар алдында бельгиялық клубтың ұсынысынан бас тартты
ФК Шальке 04

44 жастағы бельгиялық бапкер Қазақстан чемпионымен толық келісімге қол жеткізілгені туралы хабарлар шыққанға дейін шамамен он күн бұрын өз елінде жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен бас тартты.

Бельгиялық бапкер Карел Герартс Шымкенттің «Ордабасы» клубына тағайындалмас бұрын Бельгияның «Ла-Лувьер» клубының ұсынысынан бас тартқан. Бұл туралы QFootball.kz порталы Circus Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, 44 жастағы маман Қазақстан чемпионымен келісімге келгені туралы хабарлар баспасөзде пайда болардан шамамен он күн бұрын отанына оралу мүмкіндігін қабылдамаған. Герартс өз елінің чемпионатында жұмыс істеудің орнына мансабын шетелде жалғастыруды таңдаған.

Circus Daily авторлары Қазақстанды бельгиялық бапкер үшін күтпеген бағыт деп атап, Het Laatste Nieuws газетіне сілтеме жасай отырып, «бапкер «Ордабасымен» толық келісімге келді» деп атап көрсетеді. Айта кетейік, Шымкент командасы Герартстың бас бапкер ретіндегі мансабындағы төртінші командасы болмақ — бұған дейін ол Бельгияның «Юнион», Германияның «Шальке» және Францияның «Реймс» клубтарын басқарған.