Q Football

«Лестер Сити» бас демеушісімен келісімді мерзімінен бұрын бұзды

«Лестер Сити» бас демеушісімен келісімді мерзімінен бұрын бұзды

Англияның Бірінші лигасында ойнайтын клуб BC Game-мен серіктестігін тоқтатты. Бұған компанияның порноактрисаны бренд өкілі етіп тағайындауына жанкүйерлердің наразылығы себеп болды.

BC Game қараша айының басында порноактриса Ева Елфиді бренд өкілі етіп тағайындады. Кейін компания оның қатысуымен жарнамалық бейнені әлеуметтік желіде жариялады.

«Фоксиз Траст» жанкүйерлер бірлестігі бұл шешімді бірден қатаң сынады. Жанкүйерлер құмар ойын мен порнография қоғамға, әсіресе жастарға зиян келтіретінін айтып, олардың «Лестер Ситимен» байланыстырылуына қарсы шықты.

Осы наразылықтан кейін клуб келісімді дереу тоқтататынын мәлімдеді: «Біз демеушімен коммерциялық серіктестікті дереу аяқтауға өзара келістік».

Клуб 21 қазаннан кейін BC Game белгісі бар жейде сатып алған жанкүйерлерге оны айырбастауға немесе ақшасын қайтарып алуға мүмкіндік береді. Жейденің киілгені не оған аты-жөн жазылғаны маңызды емес.

Материалда:
Лестер
Лестер