Q Football

Роналдудың голына қарамастан, «Аль-Ахли» «Аль-Насрды» жеңді

Роналдудың голына қарамастан, «Аль-Ахли» «Аль-Насрды» жеңді
© Getty Images

Криштиану мансабындағы 986-голын соқты, бірақ «Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының 13-турында Жиддада «Әл-Ахлиге» 1:3 есебімен ұтылды.

Португалиялық шабуылшы 14-минутта есеп ашты. Төрт минуттан кейін ол пенальтиден мүлт кетіп, басымдықты арттыра алмады.

45+1-минутта Галено есепті теңестірді. 71-минутта Тони пенальтиден гол соқты, ал 75-минутта Ибаньес алаң иелерінің үшінші добын енгізді.

«Әл-Ахли» 24 ұпаймен 4-орынға көтерілді. «Әл-Наср» 28 ұпаймен 3-орында тұр.