Q Football

Андреа Камбьязо «Фиорентинаға» қарсы ойнамайды

Андреа Камбьязо «Фиорентинаға» қарсы ойнамайды

«Ювентус» қорғаушысы жарақатына байланысты алдағы матчқа қатыспайды

Журналист Николо Скираның хабарлауынша, 26 жастағы италиялық ойыншының бұлшық еті шаршаған. Осыған байланысты бас бапкер Лучано Спаллетти оған демалыс беруді жөн көріпті.

Туриннің клубы Камбьязоны 2022 жылы «Дженоадан» 15,5 миллион еуроға сатып алған еді. Осы маусымда Андреа он матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.

«Бьянконери» бүгін Италия А Сериясының 11-турында «Фиорентинамен» кездеседі. Флоренцияда өтетін матч 00:45-те басталады.