Q Football

Кевин де Брюйне «Наполиде» қалады

Кевин де Брюйне «Наполиде» қалады

Бельгиялық жартылай қорғаушы ешқайда кетпейді

Экрем Конурдың хабарлауынша, «Наполи» оны маусымның бел ортасында сатуға үзілді-кесілді қарсы. Бірақ жазда ұсыныстарды қарастырып көрмек.

Бұған дейін Кевинге ПСВ мен «Эвертонның» қызығушылық танытқаны белгілі болған еді.

Бельгиялық ойыншы осы маусымда 15 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Де Брюйненің Неаполь клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды. Сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзартуға болады.