«Федерико Бернардескимен келісімшартты ұзартуға жақынбыз. Жаңа келісім өткен аптада белгілі болғандай, 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болады», — деді Ди Вайо Dazn-ға берген сұхбатында.
Бернардески «Болонья» намысын 2025 жылдан бері қорғап келеді. 32 жастағы италиялық вингер осы маусымда 12 матчқа қатысып, үш гол соқты.
