Q Football

Кубарси «Барселона» аңыздарымен қатар АПЛ-дағы күтпеген кумирін атады

Кубарси «Барселона» аңыздарымен қатар АПЛ-дағы күтпеген кумирін атады
©️ AFP

Golden Boy сыйлығының иегері және 2026 жылғы әлем чемпионы Вирджил ван Дейк, Карлес Пуйоль және Жерар Пикеге қарап бой түзейді

«Барселона» мен Испания құрамасының қорғаушысы Пау Кубарси The Athletic басылымына берген сұхбатында өзінің қарқынды дамуына әсер еткен футболшылар туралы айтты.

Жас испаниялық ойыншы каталониялық клубтың бұрынғы футболшылары Карлес Пуйоль мен Жерар Пикені үлгі тұтатынын мойындады. Кубарсидің сөзінше, оған қорғаушылардың екі типі де ұнайды: Пике шабуылды бастау шеберлігімен ерекшеленсе, Пуйоль мінез бен менталитет тұрғысынан нағыз эталон болған.

Сонымен қатар футболшы соңғы жылдары «Ливерпуль» қорғанысының нидерландылық көшбасшысы Вирджил ван Дейктен көп нәрсе үйреніп жүргенін атап өтті және өз ойынын да үнемі талдап отыруға тырысатынын жеткізді.

2026 жыл Кубарси үшін нағыз жеңісті жыл болды — ол Испания құрамасымен әлем чемпионатын жеңіп алып, турнирдің үздік жас ойыншысы атанды, Golden Boy жүлдесін иеленді, «Алтын доп» үшін дауыс беруде 12-орын алды (орталық қорғаушылар арасындағы ең үздік көрсеткіш) және Копа трофейі үшін таласта клубтасы Ламин Ямальға ғана жол беріп, екінші орынға табан тіреді.