Журналист Николо Скираның хабарлауынша, «бьянкочелести» Гаттузомен келісімшартты 2029 жылдың 30 маусымына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Жаңа шартқа сәйкес, 48 жастағы италиялық маманның жалақысы біршама көтеріледі екен.
Гаттузо «қырандарды» маусым айында тізгіндеген еді. Содан бері команда тоғыз рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түссе, бір ойында қарсыласына жол берді.
Он турдан кейін 28 ұпай жинаған «Лацио» А Сериясында көш бастап тұр және жеңілмегеніне бүгін 84 күн болды.
