Q Football

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңілісінен кейін футболды жабуды ұсынды

Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының жеңілісінен кейін футболды жабуды ұсынды

Файтер Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіздігінен кейін қатаң мәлімдеме жасады. Ол «Instagram» желісіндегі kzsports парақшасында өткен Қазақстан — Молдова матчының қорытындысы жарияланған жазбаның пікір бөліміне келіп, шұғыл шешім ұсынды

«Бізде футбол әлі бар ма өзі? 10 жыл бұрын-ақ сендерге футболды жабу керек деп айтқан», - деп жазды файтер.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші турында Астанада Молдовадан 1:2 есебімен жеңілді. Қонақтар бірінші таймға қосылған уақытта Ники Клещенконың голымен есеп ашты. Екінші таймның 50-минутында Петру Попеску молдовалықтардың басымдығын арттырды.

Қазақстан 64-минутта Нұралы Әліптің баспен соққан голымен жауап қатты, алайда Джон ван ’т Схип баптайтын команда есепті теңестіре алмады. Осы нәтижеден кейін Қазақстанның еншісінде бір ғана ұпай қалып, С дивизионындағы өз тобында соңғы орынға түсті.