«Нәтижелерімізді табысты деу қиын. Қазір қазақстандық футбол әр матчта міндетті түрде жеңеміз деп мәлімдейтін деңгейде емес. Сондықтан жағдайға шынайы қарауымыз керек, команда да мұны түсінеді. Меніңше, бүгін команда жаман көрінген жоқ: бірнеше қауіпті сәт жасады, күрес пен тәртіп көрсетті.
Кейбір ойындарда біз 90 минуттың бәрінде қажетті деңгейде ойнай алмадық. Ал халықаралық деңгейде бұл - міндетті талап, өйткені мұндағы қарқын ұлттық чемпионатқа қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл - әлі де жұмыс істеуіміз керек қыр», - деді Джон ван’т Схип.
Еске салайық, Қазақстан Словакиямен тең ойнады - 2:2. Бұл кездесу қазақстандықтар үшін Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы соңғы матч болды. Команда алты ойынның бірде-бірінде жеңіске жете алмай, үш рет тең түсіп, үш рет жеңілді. Нәтижесінде Қазақстан С лигасының 3-тобында соңғы орынға тұрақтады.
