«Аралар» өз алаңында «Бетисті» 2:1 есебімен ұтты. Осылайша, Мануэль Пеллегринидің командасы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Дортмундтықтар есепті 49-минутта Силваның голымен ашты. 67-минутта «Бетис» сапынан Руибаль таразы басын теңестіргенімен, арада бес минут өткенде Карекас (72) «Боруссия Д»-ға жеңіс алып келген допты соқты.
«Боруссия Д» құрамында алаңға Кобель, Бенсебаини (Гаду, 75), Антон, Шлоттербек, Рюерсон (Байер, 74), Верман, Нмеча (Чуквуемека, 75), Свенссон, Беллингем, Гирасси (Карекас, 34), Силва (Нванери, 90+1) шықты.
«Бетис» сапында Вальес, Ортис, Льоренте, Натан, В. Гомес (Ф. Гарсия, 70), Ф. Берналь (Рока, 78), Деосса, Себальос (Руибаль, 62), Антони (Иско, 62), Перротт (Моранте, 78), Эззальзули ойнады.
Ойын барысында ескертулер «Боруссия Д» жағынан Рюерсон, Бенсебаини, Верман, Беллингемге көрсетілді. «Бетис» құрамынан Натан, В. Гомес және Ортис сары қағаз алды.
