Q Football

Луиш Нани медиафутболға бет бұрды

Луиш Нани медиафутболға бет бұрды

Португалиялық ойыншы «Ақтөбеден» кетіп, мансабын аяқтағаннан кейін, медиафутболда бақ сынап көрмек

40 жастағы вингер XSeries турниріне «Грим Рипер» командасының атынан қатысады. Турнир қаңтар айында Индонезияда өтеді.

Нани «Ақтөбе» сапында жалпы 26 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Одан бөлек ол мансабында «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Валенсия», «Лацио», «Венеция», «Фенербахче», «Адана Демирспор», «Орландо Сити», «Эштрела Амадора» және «Мельбурн Викториде» ойнаған.