Осылайша «қызылдар» Ағылшын Премьер-лигасындағы 700-жеңісін тіркеп, бұл межені бағындырған тарихтағы үшінші клуб атанды.
Ішкі чемпионаттағы жеңістер саны бойынша «Манчестер Юнайтед» көш бастап тұр. «Қызыл сойқандар» жалпы 776 рет қарсыласынан басым түскен. Ал екінші орынға 728 рет үш ұпай алған «Арсенал» жайғасқан.
11 турдан кейін 21 ұпай жинаған Андони Ираоланың шәкірттері турнир кестесінде төртінші орында келеді.
