Елдар Аманбаевтың хабарлауынша, жоба авторлары команданы Екінші лигаға қосу жөнінде Қазақстан футбол федерациясына жүгініпті. Құрам Бірінші лигада тәжірибесі бар ойыншылардан және QJ League түлектерінен жасақталады екен.
Басшылық алғашқы маусымнан-ақ Бірінші лигаға көтерілуді көздеп отыр. Сондай-ақ бұл мемлекеттен бір тиын алмайтын жекеменшік клуб болады.
