- Жаңадан келген Никола Буричтің ойыны туралы пікіріңіз қандай және ол Каримовтың орнын баса ала ма?
- Біріншіден, ол екі айдан аса уақыт ойнаған жоқ, сондықтан қажетті бабына келуі үшін біз оған уақыт беріп отырмыз. Қазір ол әлі оптимал деңгейінен алыс, оған уақыт керек. Жалпы, командада екінші бір ірі денелі әрі жылдам шабуылшының пайда болғаны жақсы, бірақ ойынға сіңісуі үшін уақыт қажет, - деді Бабаян.
29 жастағы Никола Бурич «Астанаға» шілдедегі трансферлік терезеде ресми түрде қосылды. Загребтің «Динамосы» түлегі бұған дейін хорватиялық «Рудеште», словениялық «Домжаледе» және «Коперде», италиялық «Новарада» мен «Леньяго Салуста» ойнаған. Оның соңғы клубы - албаниялық «Эгнатия»: 2025/26 маусымында 33 матч өткізіп, алты гол соққан.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің 19-турында «Астана» «Алтайды» 4:1 есебімен ұтты. Осы нәтижеден кейін Бабаян шәкірттері 32 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орында тұр.
