Q Football

«Ньюкасл» Чехия құрамасының қақпашысын сапына қосуға жақын

«Ньюкасл» Чехия құрамасының қақпашысын сапына қосуға жақын

«Ньюкасл Юнайтед» жақын арада «Брага» клубы мен Чехия құрамасының қақпашысы Лукаш Горничектің трансферін ресми түрде жариялауы мүмкін

Sky Sports мәліметінше, 24 жастағы футболшы Испанияда медициналық тексерістен сәтті өткен.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубы қақпашының келісімшартында көрсетілген сатып алу тармағын іске қосқан. Трансфер құны шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Келісім толық аяқталғаннан кейін Горничек «Ньюкаслдың» негізгі қақпашысы болады деп күтілуде.

Чехиялық футболшы 2019 жылы «Пардубице» клубынан «Брагаға» ауысқан. Өткен маусымда ол барлық турнирде 55 матч өткізіп, 51 гол жіберіп алды және 24 кездесуде қақпасын голдан аман сақтады.