Футболшы қорытынды нәтижеге өкініш білдіргенімен, бүкіл команданың сапалы ойынын және матчтың екінші жартысында жасалған қауіпті голдық сәттерді атап өтті. Ол ойыншыларға сәл мүмкіндік туған бойда дереу соққы жасау туралы нақты бапкерлік тапсырма берілгенін, бұл оған қарсылас қақпасын сәтті дәлдеп, бала күнгі арманын орындауға септігін тигізгенін жеткізді. Шабуылшы осы нәтижелі соққысын әкесі мен анасының жақында өткен туған күндеріне арнады.
Сөз соңында Кәрімов жанкүйерлерді алдағы екі кездесуде өз алаңындағы трибуналарда командаға қолдау көрсетуге шақырып, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салатынына уәде берді.
