Қазір ойыншы Грузия чемпионатындағы «Иберия 1999» клубында жалға ойнап жүр, ал оның трансферлік құқығы «Колхети 1913» командасына тиесілі. Футболшы шабуылдың қапталында да, шабуылдаушы жартылай қорғаушы ретінде де ойнай алады.
2025 жылы Бартишвили «Колхети» сапында Эровнули лигасында дебют жасап, маусым қорытындысы бойынша 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы турнирдің үздік ойыншысы атанды. 2026 жылы ол «Иберия 1999» командасына ауысып, алғашқы голын соқты.
Бартишвили Грузияның U-16-дан U-21-ге дейінгі жасөспірімдер құрамаларында да өнер көрсетті. U-17 командасы сапындағы дебюттік матчында Словения қақпасына гол соққан. Қазір ол елдің жастар құрамасына шақырылып жүр.
