ASnews.kz мәліметінше, ҚПЛ-дағы амбициясы жоғары клубтардың бірінің өкілдері футболшының агентімен байланысқа шыққан. Кишиневте бес жыл өнер көрсеткен ойыншы жаңа ұсынысты қарастыруға дайын.
Рэйляну өткен жылдың соңында Молдова ұлттық құрамасында дебют жасады. Жергілікті Суперлиганың биылғы маусымында шабуылдаушы жартылай қорғаушы 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Бұған дейін хавбек Украинаның «Рух» клубында жалға алу негізінде өнер көрсеткен.
