Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында жартылай қорғаушы еліміздің бас командасына алғашқы шақыртуын зор қуанышпен қабылдағанын атап өтті. Ойыншының айтуынша, команда оны өте жылы қарсы алған, ал құрама сапында жақын досы Исмаилбек Болаттың да болуы қуанышты екісесе еселей түскен. Сондай-ақ жас футболшы тәжірибелі қорғаушы Нұралы Әліппен тілдесіп үлгергенін баса айтты. Ол «Қайрат» академиясының түлегі ретінде дебютантқа ағалық қолдау көрсетіп, пайдалы кеңестерін берген.
Тұяқбаев құрама ұстазы Джон ван ’т Шкиппен болған әңгімеге жеке тоқталды. Ойыншының айтуынша, маман оған үлкен қолдау көрсетіп, толық сенім білдірген және жаттығуда аянбай жұмыс істеуге кеңес бере отырып, алдағы матчтарда алаңға шығуы мүмкін екенін меңзеген.
