Q Football

Хамес Родригес Колумбия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады

Хамес Родригес Колумбия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтады
Getty Images

Бұл туралы 35 жастағы футболшы әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады

«Уақыты келді. Бірге өткізген әрбір матч, әрбір қуаныш, әрбір көз жасы мен арман үшін рақмет. Колумбия ұлттық құрамасының намысын қорғау - өмірімдегі ең үлкен мәртебелердің бірі болды. Рақмет саған, Колумбия. Мәңгілік», - деп жазды Родригес.

Хамес Родригес ұлттық құрама жейдесінде 131 матч өткізіп, 31 гол соқты. Сондай-ақ ол 48 нәтижелі пас берді.