Q Football

Молдовадан жеңілген Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен сырғыды

Молдовадан жеңілген Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төмен сырғыды
©️fmf.md

Ұлттар лигасының бесінші турындағы сәтсіздіктен кейін ұлттық құрама 118-орынға түсті

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші турында Молдоваға жол бергеннен кейін (1:2) жаңартылған ФИФА рейтингінде бір саты жоғалтты. Осы кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық команда 117-орыннан 118-орынға төмендесе, молдовалықтар жеңістің арқасында 158-сатыдан 157-орынға көтерілді.

Өзгерістер топтағы өзге қарсыластарға да әсер етті: Фарер аралдары құрамасы бірден екі сатыға ілгерілеп, 126-орыннан 124-орынға жайғасса, Словакия, керісінше, 45-сатыдан 47-орынға сырғыды.