Клубтың баспасөз қызметі 22 жастағы футболшының «Рубинге» 2026/27 маусымы аяқталғанға дейін жалға берілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ келісімде ойыншыны кейін толық сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.
БАҚ мәліметінше, Урозовты жалға алу құны «Рубинге» шамамен 100 мың еуроға түскен.
Осы жазда қорғаушы Өзбекстан құрамасы сапында әлем чемпионатында екі матчқа қатысты, бірақ ұлттық құрама топтық кезеңнен өте алмады.
Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымында екі турдан кейін «Рубин» үш ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында келеді.
