«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекердің клубпен қазіргі келісімшарты келесі жазда аяқталады. Бірақ әзірге жаңа келісімге қол қоюға жақын қалғаны туралы нақты ақпарат шыққан жоқ.
Осы жағдайға байланысты «қызылдардың» бас бапкері Андони Ираола 34 жастағы қақпашының командада қалуына үміт артатынын айтты. Испаниялық маман бұл маусым Алиссон үшін соңғы маусым болып қала ма, оны ойыншының өзінен сұрау керегін атап өтті.
«Бұл маусым Алиссон үшін соңғысы бола ма, білмеймін - ол сұрақты өзінен сұраған дұрыс. Мен олай болмайды деп үміттенемін және оның бізбен тағы біраз уақыт қалғанын қалаймын.
Ал келісімшарттар мен осындай жағдайлар туралы сұрасаңыз - ол ойыншы мен клубтың өзара шаруасы», - деді Ираола.
Алиссон биылғы маусымда 13 матч өткізіп, 19 гол жіберді және төрт кездесуде қақпасын «құрғақ» сақтап қалды.
