Topskills Sports UK хабарлауынша, «Челси» оны жазда еркін агент атанған кезде қатарына қосқысы келеді. Себебі Мадридтің клубы Рюдигермен 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзарту бойынша келіссөз жүргізіп жатқан жоқ.
Рюдигер «Челси» намысын 2017-2022 жылдар аралығында қорғаған еді. 33 жастағы германиялық ойыншы осы маусымда жеті матчқа қатысып, екі гол соқты.
