Q Football

Тер Штеген жақын күндері «Аякс» ойыншысы атанады

Тер Штеген жақын күндері «Аякс» ойыншысы атанады
© Championat.com

«Барселонаның» қақпашысы енді мансабын Нидерландыда жалғастыруға жақын. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.

Оның мәліметінше, неміс қақпашысы 31 шілдеде Амстердамға аттанады. Ал 1 тамызда медициналық тексерістен өтіп, «Аякспен» бір маусымдық жалға алу туралы келісімшартқа қол қояды.

Бұған дейін бұл трансфердің жүзеге асуына қатысты күмән туындаған еді. БАҚ мәліметінше, «Барселона» мен «Аякс» қақпашының жалақысының қалай төленетіні жөнінде ортақ келісімге келе алмай, келіссөздер уақытша тоқтап қалған.

Алайда кейін тараптар ымыраға келіп, барлық түйткілді мәселелерді шешті. Енді трансфердің ресми түрде жариялануы ғана қалды.