Мамандар қос ұжымның шеберлік деңгейі шамалас екенін атап өтті, дегенмен Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 111-орында тұрып, қарсыластарынан 12 саты жоғары орналасқан. Алайда сарапшылар аралдықтардың өз алаңындағы таңғаларлық қайсарлығын басты фактор деп санайды: алаң иелері өз жерінде өткен соңғы жеті матчтың біреуінде ғана жеңіліп, өздерінен әлдеқайда мықты қарсыластарды сан соқтырып келеді. Осыған байланысты шетелдік басылым фарерліктердің 1:0 есебімен минималды жеңісіне бәс тігуде.
Ұлттық құрамалардың бетпе-бет кездесуі 26 қыркүйекте Торсхавндағы «Торсволлур» стадионында өтеді. Бастапқы ысқырық Астана уақытымен 21:00-де шалынады.
