Q Football

Шетелдік сарапшылар Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы ойындағы мүмкіндігін бағалады

Шетелдік сарапшылар Қазақстан құрамасының Молдоваға қарсы ойындағы мүмкіндігін бағалады
Sportskeeda

Халықаралық Sportskeeda басылымы Ұлттар лигасы аясындағы алдағы кездесуге сараптамалық шолу жасап, қарсыластардың статистикасындағы басты трендтерді атап өтті.

Сарапшылар алаң иелерінің өз алаңындағы сенімді ойынына назар аударды: Қазақстан құрамасы өз жеріндегі соңғы төрт матчта қатарынан жеңілмеген және соның үшеуінде қақпасына доп дарытпаған. Дегенмен, тұтас 2026 жыл ішінде команда қоржынында жолдастық кездесулерде қол жеткізген екі ғана жеңіс бар.

Қонақтар болса, керісінше, ұзаққа созылған жеңіссіз серияны өткеруде — Молдова соңғы рет 2024 жылдың қарашасында ғана жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар, сырт алаңдағы ойындарда бұл ұжым өз мүмкіндігін қалт жібермейді: соңғы жеті қонақтағы матчтың бесеуінде «үш түстілер» әр кездесуде кемінде бір реттен гол соққан.

Қарсыластардың қазіргі бабы мен турнирдегі көрсеткіштеріне сүйене отырып, болжам авторлары тұйық ойынды күтеді және 1:1 есебіндегі тартысты тең ойынды ең ықтимал нәтиже деп санайды.

Кездесу бүгін, 2 қазанда Астанадағы бас стадионда өтеді. Бастапқы ысқырық 19:00-де шалынады.