Q Football

УЕФА Қазақстан құрамасы қатысатын Ұлттар лигасының жаңа ережелерін бекітті

УЕФА Қазақстан құрамасы қатысатын Ұлттар лигасының жаңа ережелерін бекітті
UEFA

Басты өзгеріс — турнир төрт дивизионнан үш дивизион форматына ауысады

А дивизионы топтарында соңғы орын алған төрт құраманың ішінен В дивизионына тікелей тек ең әлсіз екі команда ғана түседі. Үшінші орын алғандардың ішіндегі үздік екі құрама элитада қалады, ал қалған екі үшінші орын иесі төртінші орын алғандардың ішіндегі үздік екі командамен бірге В дивизионында екінші орын алған төрт құрамамен өтпелі матчтар өткізеді. В дивизионы топтарының жеңімпаздары жоғарғы дивизионға бірден көтеріледі.

В дивизионында үшінші орын алған командалар өз орындарын сақтап қалады. Ал төртінші орын иелері С дивизионында екінші болған құрамалармен өтпелі ойындарда жолдама таластырады. С дивизионы топтарының жеңімпаздары тікелей жоғарылайды. С дивизионында үшінші және төртінші орын алғандар осы дивизионда қалады, ал D дивизионының барлық қатысушылары С дивизионына ауыстырылады.

Жаңа форматта әр дивизион алты командадан тұратын үш топқа бөлінеді. Құрамалар бес түрлі қарсыласқа қарсы алты матч өткізеді: өз себетіндегі командамен - үйде және қонақта, ал өзге себеттердің өкілдерімен - бір-бір матчтан. Егер турнирге 55 құрама қатысса, С дивизионы топтарының бірінде жеті команда болады.

Еске салайық, 2026/27 маусымындағы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы С дивизионында ойнайды. Топтағы қарсыластары - Словакия, Молдова және Фарер аралдары.