Сарапшылар топта көш бастауға басты үміткер ретінде 93,1% көрсеткішпен және В дивизионына тікелей көтерілу мүмкіндігі 96,5% болған Словакияны атайды. Модельдеу қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасына 49,8% ықтималдықпен екінші орын бұйырып тұр, ал топта топ жару мүмкіндігі небәрі 3,7%, үшінші орын алу — 29,5%, ал турнирлік кестенің соңына түсіп қалу ықтималдығы — 17,1% деп бағаланады. Отандық футболшылардың В дивизионына тікелей өтуінің жалпы мүмкіндігі 15,4%-ды, ал өтпелі кездесулер арқылы жолдама алуы 49,8%-ды құрайды. Фарер аралдарының жоғарғы орындарға шығу мүмкіндігі сәйкесінше 2,8% және 30,1% болса, квартеттің басты аутсайдері ретінде соңғы орынға табан тіреу ықтималдығы 60%-ға жеткен Молдова саналады.
Есеп-қисаптардың жаңаруы Джон ван ’т Схиптің шәкірттері словактардан 1:2 есебімен ұтылған сырт алаңдағы ойыннан кейін орын алды. Қазақстандықтар турнирлік кестедегі жағдайын 2 қазанда, «Астана Арена» төрінде Молдова құрамасын қабылдаған кезде түзеуге тырысады.
Еске сала кетейік, турнир ережесі бойынша: топ жеңімпазы автоматты түрде В дивизионына жолдама алады, ал күміс жүлдегер жоғарырақ дивизионда өз тобында үшінші орын алған ұжыммен өтпелі плей-офф матчтарында шеберлік байқасады.
