Q Football

Исламбек Қуат Ұлттар лигасының келесі турында ойнамайды

Исламбек Қуат Ұлттар лигасының келесі турында ойнамайды

Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық турнир аясында өз алаңында Молдовамен өтетін кездесу қарсаңында жартылай қорғаныста кадрлық шығынға ұшырады.

Жартылай қорғаушы Фарер аралдарымен өткен алғашқы ойында (1:1) ескерту алған еді, енді словактарға қарсы матчтың бірінші таймында тағы бір мәрте «сары қағаз» арқалады. Жиналған ескертулер футболшының 2 қазанда Астанада өтетін ойыннан автоматты түрде шеттетілуіне әкеп соқты.

Ал Словакия құрамасына қарсы кездесудің бірінші таймынан кейін есеп тең — 1:1. Словакия сапынан 26-минутта Лео Зауэр есеп ашқанымен, Джон ван ’т Схиптің шәкірттері Рамазан Кәрімовтің дәл соққысымен тепе-теңдікті тез қалпына келтірді.