Q Football

«Валенсия» «Реалға» қарсы ойында антирекорд орнатты

«Валенсия» «Реалға» қарсы ойында антирекорд орнатты

Ла Лиганың 12-турында Хавьер Аггиренің шәкірттері өз алаңында 0:3 есебімен жеңіліп қалды

Бұл кездесуде «жарғанаттар» 26 рет тәртіп бұзды. Осы маусымда бұған дейін бір матчта мұндай көп фолды ешбір клуб жасамаған.

Нәтижесінде команданың бес ойыншысы сары қағаз алып, Хосе Луис Гайя алаңнан қуылды.

12 турдан кейін бар-жоғы тоғыз ұпай жинаған «Валенсия» турнир кестесінде 19-орында тұр.