Q Football

Тоттенхэм жаңа шабуылшыға қомақты қаржы жұмсауға дайын

Тоттенхэм жаңа шабуылшыға қомақты қаржы жұмсауға дайын

Лондондық клуб шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр және команда үшін көптеген жылдар бойы негізгі ойыншыға айнала алатын шабуылшыны іздеп жүр.

Бұл жоспар туралы журналист Дэвид Орнштейн мәлімдеді. Оның сөзінше, лондондықтар үшін ең қолайлы шешім - алдағы онжылдықта команданың көшбасшысына айнала алатын форвардпен келісімшарт жасау.

«Меніңше, мінсіз жағдайда ең жақсы сценарий - алдағы 10 жыл бойы команданың көшбасшысы бола алатын жаңа шабуылшыны қатарға қосу. Соңғы уақытта көргенімізді ескерсек, олар үлкен нарыққа шығуға, қомақты қаржы салуға және Роберто Де Дзербиді қолдауға дайын.

Олардың амбициясы жоғары. Сондықтан нарықта мінсіз үміткер пайда болса, олар оны таңдаудан бас тартады деуге еш негізім жоқ», - деді Орнштейн.

Англия Премьер-лигасының 10 турынан кейін «Тоттенгем» 12 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында тұр.