Q Football

Жасанды интеллект Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісті болжады

Жасанды интеллект Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасындағы алғашқы жеңісті болжады

Бүгін, 13 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі бесінші тур аясында Молдоваға қарсы сырт алаңда ойнайды

Кездесу Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Жасанды интеллект болжамы бойынша, Қазақстан құрамасы алаң иелерін 2:1 есебімен жеңеді.

Қазақстанның жеңіске жетуіне қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Басты себептердің бірі – турнирлік жағдай. Джон ван 'т Схип бастаған команда С лигасының үшінші тобында екі ұпаймен соңғы орында тұр. Плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап, D лигасына тікелей түсіп қалмау үшін қазақстандықтарға жеңіс қажет.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы осы турнирдегі алдыңғы төрт кездесудің барлығында гол соқты. Алайда команда бірде-бір ойында қақпасын голдан аман алып қала алмады. Сондықтан қос құраманың да нәтижелі соққы жасау ықтималдығы жоғары деп бағаланып отыр.

Молдова сапында шабуыл шебінің маңызды ойыншылары Ион Николаеску мен Виталий Дамашкан жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Бұған қоса, алаң иелері өткен турда өз жанкүйерлері алдында Словакиядан 0:4 есебімен жеңілген болатын.

Қазақстан құрамасының пайдасына шешілуі мүмкін тағы бір жайт – Кишиневтегі өзара кездесулер тарихы. 2022 жылғы наурызда өткен жалғыз ресми матчта қазақстандықтар «Зимбру» стадионында 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Қазақстанға қандай қауіп бар?

Қонақтар сапында орталық қорғаушы Сергей Малый болмайды. Ол Фарер аралдарына қарсы өткен кездесуде алаңнан қуылып, дисквалификация алды.

Сондай-ақ биылғы қазанда Астанада өткен алғашқы кездесуде Молдова құрамасы Қазақстанды 2:1 есебімен жеңгенін ескеру керек. Бұл нәтиже алаң иелеріне психологиялық басымдық беруі мүмкін.

Букмекерлік компаниялардың бағалауы да екі команда арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көрсетеді. Кейбір сарапшылар Молдованың жеңіс ықтималдығын 35,2 пайыз, ал Қазақстанның мүмкіндігін 33,3 пайыз деп бағалап отыр.

Соған қарамастан, жасанды интеллект алдағы кездесуде Қазақстан құрамасының жеңіске жететінін болжап отыр.