Аргентиналық ардагердің пікірінше, манчестерлік ұжымның қазіргі шабуыл шебінің көшбасшысы керемет нәтиже көрсетуде және осы қарқынын сақтайтын болса, оның тарихи жетістігін сөзсіз басып озады.
Stake Football басылымына берген сұхбатында бұрынғы шабуылшы Холандты планетаның ең мықты ойыншыларының бірі деп санайтынын, алайда рекордшы мәртебесі оны командалық жетістіктер мен жеңіп алынған трофейлер сияқты қатты алаңдатпайтынын атап өтті. Агуэро клубта 2011–2021 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 390 матчта 260 гол соқса, ал норвегиялық сұрмерген «Манчестер Сити» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді және қазірдің өзінде 204 кездесуде 168 голды өз еншісіне жазды.
