Осылайша Луис Энрикенің шәкірттері турнирдегі жеңіліссіз сериясын 14 матчқа жеткізді. Мұндай көрсеткіш клуб тарихында бұрын-соңды болмаған.
Соңғы рет ПСЖ Чемпиондар лигасында 20 қаңтар күні сырт алаңда «Спортингке» (1:2) есе жіберген еді. Содан бері команда 11 рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түсті.
ПСЖ төрт ойынның төртеуінде де жеңіске жетіп, турнир кестесінде 12 ұпаймен көш бастап тұр. Келесі турда қазіргі чемпион 25 қараша күні «Романы» қабылдайды.
