Q Football

Ламин Ямаль қатардан шықты

Ламин Ямаль қатардан шықты

«Барселона» шабуылшысы Ла Лиганың 12-турындағы «Атлетикоға» (2:1) қарсы кездесуде жарақат алды

Альфредо Мартинестің хабарлауынша, 19 жастағы вингер тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бүгін медициналық тексерістен өткен. Нәтижесінде Ламин 12 қараша күні өтетін Ұлттар лигасындағы Чехиямен ойынға бармайды. Сондай-ақ 15 қарашаға жоспарланған Англияға қарсы ойынға қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Ямаль осы маусымда 16 матчта 13 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.