Фабрицио Романоның хабарлауынша, тараптар келісім шарттарын талқылап жатыр. Келіссөз ілгерілегенімен, Қатар құрамасы жаңа бапкер тағайындалғанын ресми жариялаған жоқ.
Лопетеги құраманы 2025 жылдың мамырында қабылдап, оны 2026 жылғы әлем чемпионатына шығарды. Бірақ қарашада Қатар Аустралиядан 0:3, Оңтүстік Кореядан 0:1 есебімен жеңілді. Осы нәтижелерден кейін испаниялық маманның қызметін жалғастыруы күмәнге ілікті.
Реграги 2026 жылдың наурызында Марокко құрамасынан кеткеннен бері жұмыссыз. Ол Қатарда да қызмет атқарған: 2020 жылы «Әл-Духаилді» ел чемпионы атандырды.
Марокко құрамасы Реграгидің қол астында әлем чемпионатында топтан бірінші орынмен шығып, кейін Испания мен Португалияны жарыстан шығарды. Жартылай финалға жеткен марокколықтар әлем біріншілігінің үздік төрттігіне енген алғашқы Африка әрі араб құрамасы атанды.
