Q Football

Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы өнері көңіл қалдырғанын мойындады

Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы өнері көңіл қалдырғанын мойындады
©️KFF

Словакияға қарсы өз алаңындағы матч алдында бапкерлер штабы жарақат пен дисквалификацияға байланысты құрамда кемінде үш өзгеріс жасауға мәжбүр

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері матч алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасының алтыншы туры аясындағы топ жеңімпазы — Словакия құрамасына қарсы өтетін ойын туралы пікір білдірді. Маман алдыңғы бес кездесудің нәтижесі бапкерлер штабының да, футболшылардың да үмітін ақтамағанын ашық жеткізді.

Бапкердің айтуынша, команда бұдан да жоғары нәтижеге үміт артқан, сондықтан қорытынды матчта жақсы ойын өрнегін көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлер үшін оң нәтижеге қол жеткізуге барын салмақ.

Сонымен қатар бас бапкер өткен кездесумен салыстырғанда құрамда өзгерістер болатынын растады. Екі футболшының жарақат алуына және бір ойыншының қызыл қағазға байланысты дисквалификациялануына орай құрам кемінде үш позицияда өзгереді, ал денсаулығына байланысты аздаған мәселесі бар тағы бірнеше ойыншының жай-күйі соңғы жаттығудан кейін бағаланады.

Жоғалтуларға қарамастан, ван ’т Шкип алаңға барынша мықты құрамды шығаруға уәде берді. Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу 16 қарашада Астанада өтеді. Ойын сағат 20:00-де басталады.