Q Football

Қазақстан УЕФА мен КОНКАКАФ-тың біріккен Ұлттар лигасында ойнауы мүмкін

Қазақстан УЕФА мен КОНКАКАФ-тың біріккен Ұлттар лигасында ойнауы мүмкін
© KFF

Бұл жоба жүзеге асса, ұлттық құрама Солтүстік және Орталық Америка командаларымен ресми матчтар өткізуі мүмкін

The Guardian басылымының ақпаратына сәйкес, жаңа турнирге УЕФА-ға мүше 55 құрама мен КОНКАКАФ аймағындағы 41 ұлттық команда, яғни барлығы 96 құрама қатысуы ықтимал.

Командалар рейтингтеріне қарай бірнеше дивизионға бөлінеді. Жоғары дивизионда Испания, Франция, Англия, АҚШ, Мексика және Канада секілді жетекші құрамалар өнер көрсетуі мүмкін.

Қазақстан құрамасының төменгі дивизиондардың бірінде ойнауы ықтимал. Бұл ретте жаңа формат ұлттық құрамаға Еуропа және КОНКАКАФ аймақтарындағы деңгейлес қарсыластармен тұрақты түрде ресми матч өткізуге мүмкіндік береді.

Алдын ала жоспар бойынша топтық кезең кездесулері қыркүйек, қазан және қараша айларындағы халықаралық үзілістер кезінде өтеді. Плей-офф матчтары наурызға, ал төрт команда қатысатын финалдық кезең маусымға жоспарлануы мүмкін.

Біріккен Ұлттар лигасын 2028 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін іске қосу көзделіп отыр. Турнирді екі жылда бір рет өткізу жоспарланған.

Алайда жоба әзірге талқылау сатысында. Сондықтан оның форматы мен өткізу мерзімдері кейін өзгеруі мүмкін.