Q Football

Ферран Торрес Париж тарапынан қызығушылық күшейген шақта мәлімдеме жасады

Ферран Торрес Париж тарапынан қызығушылық күшейген шақта мәлімдеме жасады
@CNN

Каталониялық грандтың шабуылшысы осы трансферлік терезеде клуб ауыстыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ойыншы француз чемпионының сапына өту ықтималдығына есікті ашық қалдыруды жөн көрді.

«Көк-анар түстілердің» футболышысы «Пари Сен-Жерменге» ауысуы мүмкін деген сыбыстарға қатысты төтесінен жауап беруден тартынды. Басылымдарда париждіктер тарапынан 25 жастағы ойыншыға жоғары қызығушылық бар екені туралы жазылып жатқан шақта, нападающий кәсіби спортта жағдайдың кез келген сәтте көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп кете алатынын аңғартты.

«Футболда бәрі бір минутта өзгеруі мүмкін. Не болатынын ешқашан білмейсің. Мен бәріне де дайын болуым керек», — деп Торрестің сөзін CNN басылымы келтіреді.

Өткен ойын жылы испаниялық үшін өте нәтижелі болды: ол барлық турнирлерде 49 кездесуде алаңға шығып, «гол+пас» жүйесі бойынша 24 ұпай жинады (21 дәл соққы және 3 нәтижелі пас).