Q Football

Қазақстан құрамасындағы ең техникасы шебер ойыншы анықталды

Қазақстан құрамасындағы ең техникасы шебер ойыншы анықталды
PFL KAZ

Instagram-дағы видеода құрама ойыншыларына «Командада ең шебер техника кімде?» деген бірдей сұрақ қойылды. Футболшылардың жауабы дерлік бір жерден шықты

Темирлан Анарбеков Рамазан Оразовты атады. Бұл нұсқаны Арсен Ашырбек те таңдады.

Дауыстардың басым бөлігі Бауыржан Исламханға бұйырды. Оны Бекхан Шайзада, Александр Заруцкий, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат, Нұралы Әліп және Эльхан Астанов атап өтті. Ғалымжан Кенжебек алдымен «Мен...» деп қалжыңдап, артынан бірден: «Азил ғой. Бауыржан Исламхан», — деп қосты.

Исламханның өзі сауалнамада нақты біреуді бөліп жармады: «Дәл кім екенін айта алмаймын, бәрі де техникалық тұрғыдан шебер».

Видеосауалнама қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының ең шебер ойыншысы болып ардагер Бауыржан Исламхан танылды.

Қазақстан құрамасы бас бапкер Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен күзгі халықаралық үзілісте Ұлттар лигасының C3 тобында төрт матч өткізеді. 26 қыркүйекте команда сырт алаңда Фарер аралдарымен кездессе, 29 қыркүйекте қонақта Словакиямен шеберлік байқасады. Одан кейін Қазақстан елордадағы «Астана Аренаға» оралып, 2 қазанда Молдованы қабылдайды және 6 қазанда қайтадан Фарер аралдарымен бетпе-бет келеді.