Q Football

Владимир Вайсс Ұлттар лигасында Қазақстанның тобын жеңуді көздеп отыр

Владимир Вайсс Ұлттар лигасында Қазақстанның тобын жеңуді көздеп отыр

Словакия құрамасының бас бапкері Ұлттар лигасындағы Молдова және Қазақстанға қарсы алдағы матчтар туралы пікір білдірді

Маман Ұлттар лигасында сәтті бастама жасауға үміт артатынын және алғашқы екі үйдегі кездесуде жеңіске жететіндеріне сенетінін мәлімдеді.

— Алғашқы екі үйдегі матчта жеңіске жетіп, өзімізге жақсы бастаманы қамтамасыз ете алатынымызға сенемін. Бұл біз жеңгіміз келетін әрі жеңуге тиісті топ. Біз фаворитпіз, бірақ мұны алаңда дәлелдеуге міндеттіміз. Бізде шеберлік те, тәжірибе де, сондай-ақ мықты клубтарда өнер көрсететін футболшылар да бар. Бұдан бөлек, қарсыластар бойынша барлық қажетті ақпаратқа иеміз. Топтың жеңіл немесе ауыр екенін талқылаудың еш мәнін көріп тұрған жоқпын — оны жеңу керек. Егер тапсырманы орындай алмасақ, бұл үлкен сәтсіздік болмақ. Біз барынша баппен шығуымыз керек, сонымен бірге қарапайымдылықты сақтауымыз қажет. Біз әр қарсыласты құрметтейміз, бірақ біздің мақсатымыз — келесі дивизионға көтерілу, — деді Вайсс.

Словакия келесі кездесуін 26 қыркүйекте Молдоваға қарсы өткізсе, 29 қыркүйекте Қазақстанмен шеберлік байқасады.