Q Football

Брозович Ас-Саддқа ауысады

Брозович Ас-Саддқа ауысады
Getty Images

Фабрицио Романоның мәліметінше, Марсело Брозович «Ас-Саддпен» келісімге келді. Тараптар бір жылдық шартқа тоқтаған, ал келісімшартта ынтымақтастықты 2028 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі де бар. Қазір Қатар клубы трансферді ресімдеуге қажетті құжаттарды дайындап жатыр

Брозович «Ән-Наср» құрамында өткізген үш маусымнан кейін «Ас-Саддқа» қосылмақ. Хорватиялық ойыншы 2023 жылы Миланның «Интерінен» «Ән-Насрға» ауысқан еді. Өткен маусымда ол 40 матчқа қатысып, бір гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Қатар чемпионатында төрт турдан кейін «Ас-Садд» 12 ұпаймен көш бастап тұр. Команда «Әл-Раяннан» екі ұпай алда келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Брозовичтің ауысатыны туралы инсайдер Николо Скира да хабарлаған.