Q Football

Еуро-2027 іріктеуінде ел намысын қорғайтын U19 құрамасы анықталды

Еуро-2027 іріктеуінде ел намысын қорғайтын U19 құрамасы анықталды

Бас бапкер Тимур Қасымов жинақтаған ойыншылар іріктеудің екінші раундында сынға түседі

Қақпашылар: Бақтияр Алдашев («Қайрат»), Никита Килджиев («Шахтер»), Мадияр Төлеубек («Батыр»).

Қорғаушылар: Нұралы Азатқазы («Шахтер»), Санат Нұрболат, Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалиқұлов, Абдулазиз Мамедов (барлығы – «Қайрат»), Данил Соболев, Әділет Сансызбай (екеуі де – «Тұран»), Әлихан Жексенбек («Астана»), Шыңғыс Қалиев («Кастельон», Испания), Хасен Артурұлы («Ақтөбе»).

Жартылай қорғаушылар: Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Евгений Петрик, Төре Исмағұлов, Қайсар Малаев, Әлиден Мұсайыпов (барлығы – «Қайрат»), Аламгир Смақов («Бешикташ», Түркия), Дінмұхамед Махмудов («Оңтүстік»), Арафат Молдағалиев, Рамзес Рашидов (екеуі де – «Тұран»).

Шабуылшылар: Абылай Төлеухан, Дәулет Орынбасар, Ермұхамед Керімхан, Абылай Жылқайдар (барлығы – «Қайрат»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Шахмурат Дәулетов («Генк», Бельгия).

Біздің жігіттер шағын турнир аясында үш матч өткізеді. 11 қарашада Қазақстан құрамасы алаң иелері Шотландиямен кездессе, 14 қарашада Бельгияға қарсы ойнайды. Ал 17 қарашада Косово құрамасымен матч өткізіп, турнирдегі жорығын аяқтайды.