АГМК «Қоқан-1912» командасын 2:1 есебімен ұтты, алайда бұл жеңіс үй иелеріне оңайлықпен келген жоқ. «Ең бастысы, үш ұпайға ие болдық. Тағы да драмаға толы матч, тағы да жүйкені тоздырған минуттар, тағы да валидол... Сәл болмағанда ұпай жоғалтып алуымыз мүмкін еді», — деді Касымов.
Бапкердің айтуынша, бірінші таймда команда өзіне таныс комбинациялық футболдан ауытқып, қарсыласқа ыңғайлы ұзын пастармен ойнаған. Екінші таймда кейбір ойыншылар бой жазып алған, соның салдарынан гол жіберілді. «Қарсыластың бір ойыншысы алаңнан қуылды деп ойынды тастап, оңай жеңіске жетеміз деген сөз емес. Біз өзіміздің ақымақ қателіктерімізбен оларға мүмкіндік сыйладық», — деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Касымов Кубоктың жартылай финалына шыққаннан кейін команда чемпионатқа немқұрайлы қарамайтынына сендірді. «Ротацияны қолданамыз, бірақ әр матчқа байыппен қараймыз», — деді маман.
