Осы көрсеткіш бойынша Малый ұзақ уақыт бойы 76 матчпен рекордты ұстап келген Самат Смақовтан озды. Қорғаушы Молдоваға қарсы өткен алдыңғы кездесуде ұлттық құраманың бұрынғы капитанының көрсеткішін қайталаған еді.
Малый Қазақстан құрамасындағы дебютін 2014 жылғы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық матчта өткізді. Осы уақыт ішінде ол ұлттық құрама сапында екі гол соқты.
Айта кетейік, рекордтық кездесуінде Малый негізгі құрамда алаңға шығып қана қоймай, Қазақстанның Фарер аралдарымен матчта 0:2 есебінен оралуына көмектескен голдардың бірін соқты.
