Q Football

Кевин Де Брюйне «Ториноға» қарсы матчқа қатыспайды

Кевин Де Брюйне «Ториноға» қарсы матчқа қатыспайды

Ұлттар лигасында Бельгиямен ширек финалға шыққан «Наполи» жартылай қорғаушысына бас бапкер Массимилиано Аллегри демалыс бермек

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, Де Брюйне 21 қараша күні өтетін «Ториномен» матчқа қатыспайды. Негізі Кевиннің өзі алаңға шығуға дайын, бірақ Аллегри оны бұрынғы командасы «Манчестер Ситиге» қарсы ойын алдында тынықтырып алмақ.

35 жастағы хавбек осы маусымда 15 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның Неаполь клубымен келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды. Сондай-ақ оны тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі бар.

Чемпиондар лигасының бесінші туры аясындағы «Манчестер Сити» — «Наполи» кездесуі 24 қараша, сағат 01:00-ге жоспарланған.