Q Football

Ламин Ямаль «Атлетикоға» қарсы матч алдында керемет бабына енді

Ламин Ямаль «Атлетикоға» қарсы матч алдында керемет бабына енді
AFP

«Барселонаның» 19 жастағы вингері биылғы маусымдағы 15 матчта 24 нәтижелі әрекет тіркеді — 13 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Каталониялық клубтың соңғы 13 кездесуінде испаниялық футболшы тек бір рет қана гол соғып немесе нәтижелі пас бере алмады. Оның нәтижелі сериясы қазан айында «Реалға» қарсы өткен Эль-Класикода үзілді.

Ямаль физикалық дайындығына ерекше көңіл бөліп, тіпті демалыс күндері де жаттығуға қатысып жүр. Сонымен қатар жас шабуылшы допсыз ойында және прессинг жасауда айтарлықтай дамыған.

Алда «Барселонаны» «Атлетикоға» қарсы сырт алаңдағы кездесу күтіп тұр. Бұған дейін Ямаль «Метрополитано» стадионында гол соққан. Соның ішінде 2024/25 жылғы Ла Лига маусымында каталониялықтардың 4:2 есебімен жеңіске жеткен матчында да көзге түскен.